RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Словенияның денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы

26.05.2026, 21:30 29

Еліміздің Президент Іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы Еуропадағы ең маңызды санаторий-курорттық кешендердің бірімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ол өзінің бірегей Donat минералды суымен және ғасырлар бойы қалыптасқан медициналық дәстүрімен танылған шипажай халықаралық деңгейде үлкен беделге ие. Бұл орын отандастарымыздың арасында да үлкен сұранысқа ие. Жыл сайын мұнда 15-20 мың жерлесіміз ем алуға барады. Енді осы серіктестіктің арқасында қазақстандық емделушілер Еуропадағы ең көне әрі беделді сауықтыру орталықтарының бірі саналатын Рогашка-Слатинада жоғары сапалы еуропалық оңалту және сауықтыру бағдарламаларына кеңінен қол жеткізе алады. Сонымен қатар аурухананың қазақстандық дәрігерлері словен медициналық орталығының базасында тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттыра алады. Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы байланысты ғана емес, Қазақстан мен Словения халықтары арасындағы гуманитарлық әрі достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту көзделген. Келісімге Қазақстанның Словениядағы Елшілігінің қолдауымен қол жеткізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz