Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Халықаралық атом энергиясы агенттігі радиациялық онкология, ядролық медицина, диагностикалық бейнелеу, медициналық физика, радиофармация және медицинадағы радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге келді.
Құжатқа МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гроссидің сапары аясында қол қойылды. Бұл отандық онкологияны дамытуға және радиациялық медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам. Басты бағыттардың бірі - онкоорталықты МАГАТЭ-нің арнайы бағдарламасы аясында халықаралық деңгейдегі жетекші орталықтардың біріне айналдыру.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #МАГАТЭ #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz