RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Құрбан айт – жақсылық жасап жарысатын мереке

27.05.2026, 08:55 46

 Бүгін мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Құрбан айт басталды. Бұл күн – рухани тазару, мейірім мен ізгілікке үндейтін, қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты арттыратын ерекше мейрам, деп хабарлайды «24KZ».

Құрбан айт – тек діни рәсім ғана емес, сонымен қатар адамды ізгілікке, қайырымдылыққа және жақындарына қамқор болуға шақыратын маңызды мереке.

Материалдық мүмкіндігі бар, әрі жолаушы емес мұсылманға құрбан шалу – міндет. Ал шамасы келмеген адамға бұл міндет жүктелмейді. Дегенмен айт күндері мұқтаждарға көмек көрсету, садақа беру – сауапты амалдардың бірі саналады.

Сонымен қатар бұл күндері адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, ренішті ұмытып, туыстық қатынасты нығайтуға ерекше мән береді. Ата-ана мен жақындарға құрмет көрсету, балаларға қуаныш сыйлау да Құрбан айттың маңызды бөлігі болып саналады.

Құрбан айт – қоғамда жақсылықты көбейтетін, мейірім мен сыйластықты арттыратын, адамдарды бірлікке шақыратын ұлық мереке.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz