RU
Толық нұсқаға өту

Елордада қазақ тіліндегі ертегілер кітабының тұсаукесері өтті

27.05.2026, 11:00 34

Алтыннан да қымбат достық.

Астанада тележурналист Айбек Қосановтың тұңғыш ертегілер кітабының тұсауы кесілді. Кітап жинағына екі түрлі шығарма енген. Бірі жан-жануарлар әлемінің қиял-ғажайып туындысы. Екіншісі «Бұлақ неге жылады?» атты табиғат тақырыбына қалам тартқан ертегісі. Бір қызығы, кітап басылымға шықпай тұрып, мұқабасының суреті Италияның Болонья қаласындағы халықаралық кітап жәрмеңкесінде жоғары бағаға ие болды. Иллюстраторы Аружан Қайратқызының айтуынша, бұл автормен қашықтан бірлесе атқарған екі айлық еңбегінің жемісі. Саяси журналистикаға бойлаған телевизия маманы балалар ертегісін жазуға өзінің тұңғыш қызы түрткі болғанын айтады. Күн сайын қызына ертегі оқуды әдетке айналдырған Айбек заманауи балалар әдебиетінің тапшылығын тілге тиек етті. Іс-шара соңында ертегілер кітабының тұсауын тілшінің тұңғышы әрі музасы Айбике кесті. 

Айбек Қосан, «Алтыннан да қымбат достық» ертегісінің авторы:

- Менің алғашқы редакторым - ол менің тұңғыш қызым. Баланың миы біздікіндей емес, басқаша, басқа қырынан ойлайды. Мейілінше қарапайым жаздым. Бала ересек емес, сөздік қорының белгілі бір базасы бар, егер оны күрделі түрде жазатын болса, балалар әдебиеті болмай қалады. Соған негізделдім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz