RU
Толық нұсқаға өту

Арқалықтың жылу және электр желісін жаңартуға 5,8 млрд теңге бөлінді

27.05.2026, 13:00 33

Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді.  

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бөлінген қаражаттың 3 млрд теңгесі қаланың электр желілерін реконструкциялауға бағытталады. Ал 2,8 млрд теңге ұзындығы 8,3 шақырым жылу магистралін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға жұмсалады. Мұндағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарының едәуір бөлігі 1970 жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан кешенді жаңартуды қажет етеді. Былтыр қаланың жылу желілерін жөндеуге 914 млн теңге бөлінген.  Оның 645,5 млн теңгесі – Үкімет резервінен, қалғаны – облыстық бюджеттен. Бөлінген қаражат есебінен 1,6 шақырым желі жаңартылды.

Ержан Ертаев, ҚР Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы:

- Мемлекет басшысының жылу маусымын тұрақты әрі үздіксіз өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Арқалық қаласының жылу және электр желілерін жаңғыртуға Үкімет резервінен 5,8 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыру аясында ұзындығы 8,3 шақырым жылу магистралін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға жұмсалады. Бұл қаладағы жылу желілерінің тозу деңгейін 25 пайызға төмендетуге көмектеседі. жобасы аясында үш қосалқы стансаны реконструкциялау, 110, 35 және 10 кВ кернеулі электр беру желілерін салуды және реконструкциялау көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz