Алматы облысындағы Көлсай көлі маңында жаңа тікұшақ алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды «24KZ».
Нысан Кеген ауданы Саты ауылдық округі аумағында, «Көлсай көлдері» ұлттық паркі жанында орналасқан.
Тікұшақ алаңымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов танысты.
Алаң төтенше жағдайлар кезінде авиациялық-құтқару жұмыстарын жедел орындауға арналған. Ол халықты эвакуациялауға және құтқару бөлімшелерін оқиға орнына жедел жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар нысанның іске қосылуы құтқару тікұшақтарының Көлсай және оған іргелес туристік аймақтарға жету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, алаң әуе кемелерінің қауіпсіз қонуы мен ұшу талаптарына толық сәйкес келеді және өңірдің таулы жерлерінде жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Көлсай #тікұшақ #ТЖМPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz