Қазақстан мен Қытай арасында барыс-келіс артты. Әсіресе трансшекаралық сапар көбейген.
Жыл басынан бері тек Қорғас порты арқылы 500 мыңнан астам жолаушы кіріп-шыққан. Қытайдың көші-қон инспекциясының мәліметіне сәйкес бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға көп. Бұған визасыз режим саясатынан бөлек, порттағы тексеру рәсімдерінің жеңілдеуі әсер еткен. Мәселен, бұрын көлік құралын тексеру уақыты бес минут болса, қазір бір минутқа дейін қысқарды. Ал онлайн рәсімдеудің арқасында әр құжат 45 секунд ішінде тексеріледі.
Лю Минцю, шекаралық тексеру бөлімінің жетекшісі:
- Бұл өткізу тиімділігін айтарлықтай арттырып отыр. Орталық Азия елдеріне бағыт алған туристер жиі кездеседі. Сонымен қатар саудагерлер мен ішкі туристер де бар. Ең көбі Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық кәсіппен айналысатын бизнес өкілдері. Биыл жыл басынан бері жолаушы тасымалдау қызметінің аясы кеңейіп, көліктің түрі де артып бастады.
Тегтер #Қазақстан #Қытай #трансшекаралық сапар #ҚорғасPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz