Елордада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 100-ге жуық мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. Биылғы бағдарлама балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше бағытқа бөлініп, бүлдіршіндерден бастап жасөспірімдер мен ата-аналарға дейін қамтылады, деп хабарлайды «24KZ».
1 маусым күні елордалық емханаларда балаларға арналған стоматологиялық ашық есік күні өтеді.
Жасөспірімдер үшін ең ерекше іс-шаралардың бірі — халықаралық «Astana FIDA Drone Soccer Championship» дрон-футбол чемпионаты болмақ. Сонымен қатар Амфитеатр сахнасында «QosymshaFest» фестивалі өтеді.
Отбасылық бағыттағы шаралар да ауқымды болмақ. Президент саябағында «Экомамафест 2026» ұйымдастырылса, «Жетісу» саябағында екі күндік «БөпеFair» балалар фестивалі өтеді. Сондай-ақ қалада Kids RUN отбасылық жарысы, ерекше балаларға арналған концерттер, инклюзивті сән көрсетілімдері мен қайырымдылық акциялары жоспарланған.
Қала бойынша өтетін мерекелік шаралар алты негізгі блоктан тұрады. Әр бағыт белгілі бір жас санатындағы 3-6 жас, 7-10 жас және 11-14 жастағы балалардың қызығушылығына сай әзірленген.
Атап айтқанда
1. «Бесік әлемі» блогы үш жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналады
1 маусым күні Жастар саябағында дәстүрлі «Арба FEST» арбалар шеруі өтеді. Ал Президент саябағында еңбектейтін сәбилерге арналған «Шапшаң бөбек» спорттық жарысын тамашалауға болады. Сондай-ақ қала саябақтарында «Бақыт мекені» отбасылық фотоаймақтары мен «Бала әлемі» дамытушы ойын алаңдары ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күй сыйлайды.
2. «Балапан әлемі» блогы 3-6 жас аралығындағы балаларға арналады
25 мамыр мен 1 маусым аралығында кішкентай астаналықтарға судағы, көшедегі және интернеттегі қауіпсіздік ережелері қарапайым форматта түсіндірілетін танымдық әрі ойын іс-шаралары өтіп жатыр.
1 маусым күні III Халықаралық клоундар фестивалі өтеді.
Сағат 12:00-де фестивальге қатысушылар «Бәйтерек» монументі маңынан бастап Ғашықтар саябағына дейін шеру жасайды. Саябақ «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының қарсы бетінде орналасқан. Ал сағат 17:00-де Амфитеатрда фестиваль әртістерінің қатысуымен концерт өтеді.
3. «Білім мен арман әлемі» блогы – 7-10 жас аралығындағы балаларға арналады
30 мамыр күні сағат 11:00-де Жерұйық-2 саябағында (Достық үйінің артында)«Бақытты шаңырақ» ерекше балаларға арналған «Бақытты бала» мерекелік іс-шарасын өткізеді. Сағат 15:00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында балалар сән көрсетілімі өтеді.
Осы күні Техникалық және көркем шығармашылық орталығында балалар жұмысының көрмесі мен «Баршаға қуаныш сыйлаймыз» шеберлік сабақтары өтеді. Сағат 10:00-де Қалалық алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
4. «Жас өркен» блогы – 11-14 жас аралығындағы балаларға арналады
25 мамыр мен 1 маусым аралығында сағат 11:00-де Орталық саябақта, Президент саябағында және «Жетісу» саябағында «Бақытты балалық үшін» іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында балаларға суда, көшеде және интернетте өзін ұстау ережелері, жарақат пен қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндіріледі.
25-31 мамыр аралығында қалалық полиция департаменті балаларға кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырады.
5. «Болашаққа қадам» блогы жасөспірімдерге арналады
1 маусым күні елордада «Astana FIDA Drone Soccer Championship» халықаралық дрон-футбол чемпионаты өтеді.
Сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Амфитеатр сахнасында «QosymshaFest» фестивалі ұйымдастырылады.
Осы уақытта әкімдік алдындағы қалалық алаңда опера және балет театрымен бірлескен «Түрлі-түсті мозайка» байқауы өтеді.
6. «Бақытты отбасы» блогы отбасылық құндылықтарға арналады
28 мамырда Паралимпиадалық жаттығу орталығында балалар арасында спорттық-ойын-сауық жарыстары өтеді.
29 мамыр күні MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында «Шекарасыз денсаулық» акциясы ұйымдастырылып, оның аясында салауатты өмір салтын насихаттау және аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылады
29 мамыр күні сағат 11:00-де Абай даңғылы бойындағы «Қаламгерлер» аллеясында ерекше балаларға арналған «Ұрпақтар сабақтастығы» қайырымдылық концерті ұйымдастырылады. Ал 30 мамыр күні дәл осы жерде құтқарушылар судағы қауіпсіздік бойынша шеберлік сабағын өткізеді.
30 мамыр күні сағат 10:00-де Президент саябағында «Экомамафест 2026» отбасылық іс-шарасы ұйымдастырылады.
31 мамыр мен 3 маусым аралығында елорданың алты ауданының балалары арасында «Көңілді старттар» жарыстары ұйымдастырылады.
1 маусым күні сағат 09:00-де Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған отбасылық спорттық Kids RUN жарысы басталады.Осы күні Президент саябағында жас отбасылар «Отбасы – бақыт мекені» сурет салу курсына қатыса алады. Іс-шара сағат 11:00-де басталады. Бір сағаттан кейін Ailand отбасылық демалыс орталығында мерекелік концерт өтеді.
Сондай-ақ, Президент саябағында ойындар, байқаулар мен аниматорлар қатысатын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, мереке қарсаңында елордадағы бірнеше аулада жаңартылған балалар ойын алаңдары ашылады. Ал 1 маусымнан бастап мектеп жанындағы жазғы лагерьлер өз жұмысын бастайды.
Тегтер #елорда #1маусым #мерекелік іс шара #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz