Елде мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға тартуға тосқауыл қойылады. Ал оған жол бергендерге әкімшілік жауапкершілік күшейеді.
Педагог мәселелелері бойынша құжат бүгін Сенатта мақұлданды. Сондай-ақ депутаттар бірқатар заң мен кодекске жаңа нормалар енгізуді көздейтін құжатты қабылдады. Дәлірек айтсақ, денсаулық сақтау, білім беру және бала құқықтарын қорғау бағыттарындағы заңнама жетілдіріледі. Солардың бірі «Бюджет» кодексіндегі жаңашылдық. Енді халықаралық олимпиадаға, ғылыми жобалар конкурсына және спорттық жарыстарға қатысатын оқушыларды қолдау үшін республикалық бюджеттен қаржы бағытталады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Қаралған заңдар бірқатар саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Нақты айтқанда, заңдар педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін қосымша қорғалуын қамтуды көздейді. Білім саласында еліміздің аумағында тіркелген шетелдік ЖОО-ның қызметін жетілдіруге арналған нормалар айқындалды. Денсаулық сақтау жүйесінде интернатура арқылы кадр даярлау нысанының ерекшеліктері мен шарттары белгіленді. Жалпы заңдарды қабылдау педагогтердің мәртебесін күшейтуге және жекелеген салалардағы мемлекеттік реттеуді арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мұғалімдер #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz