Қазақстанда экологияны ластаған кәсіпорындарға талап күшейтіледі. Бүгін Мәжіліс қабырғасында зиянды шығарындылар үшін айыппұл есептеу тәртібін өзгерту ұсынылды.
Заң жобасын мәжілісмен Еділ Жаңбыршин таныстырды. Депутаттың дерегінше, қазіргі таңда елде жыл сайын ауаға шамамен 4 миллион тонна ластаушы зат шығарылады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жылдық көлемі 5 миллион тоннаға жетіпті. Республика аумағында 2700-ден астам полигонның тек 20 пайызы ғана санитарлық талаптарға сәйкес келеді екен. Статистиканы сөйлеткен халық қалаулысы экологиялық бақылау мен қалдықтарды басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру керектігін айтты.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Нормадан тыс шығарындылар үшін жауапкершілік кезеңін нақтылау. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, айыппұлдар артық шығарылған ластаушы заттардың көлеміне қарай есептеледі. Алайда бұл көлемінің қандай кезең үшін екені нақты айтылмаған. Соның салдарынан ірі ластаушы кәсіпорындар құқықтық олқылықтарды пайдаланып айыппұлдарды соттарда ұзақ уақыт даулауға мүмкіндік алып келді. Осыған байланысты есептеу ұсынылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #экология #парламентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz