RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Ресей пилотсыз режимдегі алғашқы халықаралық тасымалды іске қосты

28.05.2026, 17:14 40

Қазақстан мен Ресей пилотсыз режимдегі алғашқы халықаралық тасымалды іске қосты.

Рейс бір уақытта Мәскеу – Астана және Астана – Мәскеу бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Сынақтық рейс барысында мамандар пилотсыз жүйелердің негізгі жұмыс тетіктерін тексерді. Атап айтқанда, маршрут бойындағы байланыс сапасы, жолдың цифрлық көшірмесінің дәлдігі, сондай-ақ байланыс болмаған жағдайдағы көліктің әрекеті сыналды. Егер жүргізуші орта есеппен тәулігіне шамамен 8 сағат көлік жүргізсе, пилотсыз көлік іс жүзінде тәулік бойы жұмыс істей алады. Бұл тасымал өнімділігін едәуір арттырып, рейстер санын бірнеше есеге көбейтуге мүмкіндік береді. Жоба аясында пилотсыз жүк автокөліктері шамамен 3000 шақырымдық бағытты екі тәулікте жүріп өтіп, жол жүру уақытын екі еседен астам қысқартты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz