RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады

28.05.2026, 17:34 40

Елде БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады.

Бүгін Мәжіліс Қазақстан аумағында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын құру туралы келісімді мақұлдады. Орталық өңір елдеріне экономикалық, әлеуметтік және экологиялық бағыттар бойынша орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдеседі. Өңірлік жобалар мен бағдарламаларды іске асырып, БҰҰ құрылымдары, халықаралық қаржы институттары, жеке сектор және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-әрекет пен үйлестіруді нығайтуға ықпал етпек. Мұнымен қоса теңізге шыға алмайтын дамушы елдер үшін 2024–2034 жылдарға арналған іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосады. Келісімге сәйкес, БҰҰ қызметкерлеріне халықаралық нормаларға сай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz