RU
Толық нұсқаға өту
Фото:Tengrinews.kz

«Мәйітті аулаға түнде көміп, ізін өртеген»: Прокурор сотта тың деректер айтты

28.05.2026, 17:33 110

Атыраудағы резонансты іс бойынша  өтіп жатқан сотта  прокурор Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты тың деректер жариялады.  Айыптау актісінде Сәрсемалиевтің мәйітті өзі тұрған үйдің ауласына түнде көмгені айтылды. Прокурордың мәліметінше, ол куәгерлер болмауы үшін түн ортасын күтіп, үй іргесінен қабір қазған,  деп хабарлайды «24KZ»  «Ақ жайық» басылымына  сілтеме жасап.

Сондай-ақ айыпталушы марқұмның жеке куәлігі, банк картасы мен телефонын алып кеткені белгілі болды. Тергеу дерегінше, кейін ол үйдегі қан іздерін тазалап, қылмыс қаруы мен кілемді қоқыс алаңында өртеп жіберген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Сұлтан Сәрсемалиев бұрынғы әйелінің ағасы Наурыз Мұқанғалиевті Атырау маңындағы Геолог шағынауданында жалдамалы үйде өлтірген. Марқұмның денесі қылмыстан кейін 6–8 ай өткен соң ғана табылған.

Сот-медициналық сараптама мәйіттің ұзақ уақыт жер астында жатуына байланысты өлімнің нақты себебін анықтау қиын болғанын көрсеткен. 

Тергеу мәліметіне сәйкес, қылмыс бұрынғы жұбайының туыстарымен болған ұзақ жанжалдан кейін жасалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz