RU
Толық нұсқаға өту

Әлемді бұрын-соңды болмаған ыстық күтіп тұр

28.05.2026, 19:27 44

2030 жылға қарай әлемді бұрын--соңды болмаған ыстық күтіп тұр.

Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлады. «Негізгі себеп — қазба отынын жағу кезінде бөлінетін көмірқышқыл газы шығарындыларының артуы» дейді сарапшылар. Еуропаның бірқатар елінде термометр бағандары қазірдің өзінде рекордтық көрсеткіштерге жетті. Тағы бір қауіп — Эль-Ниньо құбылысы. Бұл кезде Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі теңіз бетінің температурасы қалыпты нормадан асады. Салдарынан нөсер жауын, аптап ыстық пен құрғақшылық жиілейді. Британдық ғалымдар аптап ыстықтан әр минут сайын бір адам қайтыс болатынын мәлімдеген еді. Ал 1990 жылдардан бастап жаһандық жылынудан болатын өлім-жітім көрсеткіші 23%-ға өскен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz