Биыл Алматы облысында құмар ойынға әуестенген 23 мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында, олардың букмекерлік платформалар арқылы бәс тіккені анықталды. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекет мемлекеттік қызметшінің, әдебі мен жауапкершілік қағидаттарына қайшы келеді әрі қоғам сеніміне кері әсер етеді. Қазір өңірде мемлекеттік қызмет саласында бақылау күшейтілген. Мамандар бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын ғана емес, мемлекеттік қызметкерлердің заң талаптары мен әдеп нормаларын сақтауын да назарда ұстап отыр. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 32 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Ділмұрат Сунатиллаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы:
- Лудоманиямен күресу мақсатында мониторинг нәтижесінде онлайн букмекерлік кеңселер арқылы бәс тіккен 23 мемлекеттік қызметші лауазымдарынан босатылған болатын. Біздің басты мақсат - халық сеніміне ие болатын, тиімді және “Мемлекет адам үшін” қағидатына негізделген, адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру.
Тегтер #Алматы облысы #құмар ойын #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz