RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда жол торабының құрылысы басталды

29.05.2026, 00:00 15

Талдықорғанда батыс пен шығыс айналма жолдарын жалғайтын жол торабының құрылысы басталды.  

Жолайрық салуға 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады. Күзде пайдалануға берілгеннен кейін қала маңындағы «Береке» мен «Ынтымақ» шағын аудандарының халқы облыс орталығына төте жолмен қатынайды. Жол торабы жобасынан бөлек «Алматы-Өскемен» автомагистралінің қаланың сыртымен өтетін учаскесі де жөнделіп жатыр. Құрылыс сапасын "Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы" мекемесінің жергілікті мамандары қадағалайды. Жол жөнделген соң көлік қатынасы жақсарып, жақын маңдағы ауыл халқының барыс-келісі жеңілдейді, дейді жауаптылар.      

Ерлан Ниетбаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: 

- Қазір бұл жерде суғару желісі бар. Каналымыз бар, соны айналдыру, басқа салаға бұру және электр желілерін ауыстыру, жолдың табаны мен негізін дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Біздің қаламыздың батыс айналмасы мен шығыс айналмасы қосылады. Сол себептен қаланың айналма жолы 28 шақырымнан 32 шақырымға ұзарады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz