RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 4,4 мыңнан астам адам әлеуметтік төлемді заңсыз алған

29.05.2026, 10:46 68

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу мақсатында еңбек қатынастарын жалған рәсімдеу деректері анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша еліміздің бірқатар өңірінде қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды «24KZ».

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) мониторинг барысында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ережелерін айналып өтіп, табысты асыра көрсету мақсатында жасалған жалған жұмысқа орналастыру деректерін анықтаған. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жүргізілген тексеру шараларының нәтижесінде еліміздің 13 өңірінде 38 қылмыстық іс қозғалды. Мәліметтер базасына жүргізілген талдау 258 кәсіпкерлік субъектісінің 4,4 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу мақсатында жалған еңбек қатынастарын рәсімдегенін анықтады.

9 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шығарылды. Соттар заңсыз схемаларды ұйымдастырған 12 тұлғаны кінәлі деп таныды, олардың ішінде Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, ШҚО және өзге де өңірлердің өкілдері бар. Заңсыз әрекеттері үшін олар 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қазақстандықтарға ескерту:

МӘСҚ азаматтарды күмәнді делдалдар қызметіне жүгінбеуге және жоғарылатылған төлемдерді рәсімдеу үшін жеке деректерін бермеуге шақырды.

Қор мұндай әрекеттер схеманы ұйымдастырушылар үшін де, төлемді алушылар үшін де жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz