Алдағы он жылда жасанды интеллектінің арқасында әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсімі 7 триллион долларға жақындауы мүмкін.
Десе де дүние жүзінде жұмыс орындары 40 пайызға дейін қысқарады. Халықаралық сарапшылардың болжамы осындай. Нейро-желінің ықпалынан экономиканың барлық секторында еңбек нарығы түбегейлі өзгереді. Астанада өткен V Еуразия экономикалық форумда, Қасым-Жомарт Тоқаев серіктес елдер осы өзгерістің алдында болуы керек деп, бірнеше ұсыныс айтты. Мемлекет басшысы, жаңа технологияларды, әсіресе жасанды интеллектіні сауда және логистика саласына белсенді енгізудің маңыздылығына тоқталды. «Кедендік рәсімдерді жеделдету үшін ұлттық цифрлық жүйелердің байланысын күшейткен жөн. Электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес шығындарын айтарлықтай азайтып, ЕАЭО кеңістігіндегі алыс-берісті арттыруға көмектеседі», - деді Президент.
Тегтер #ЕАЭО елдері #ЖИ #ішкі өнімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz