RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан ЕАЭО-ның ірі логистикалық хабы ретінде дамып жатыр

29.05.2026, 14:16 57

Қазақстан өзін Еуразиялық экономикалық одақтың ірі логистикалық хабы ретінде дамытып жатыр. 

Қазір бұл мақсатта «Шығыс-Батыс» пен «Солтүстік-Оңтүстік» және Транскаспий көлік бағыты бойынша инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал тиісті интеграцияны одан әрі өркендету үшін 5 жылға арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясы қабылданды. 2023 жылы мақұлданған құжатта даму стратегиясы мен одаққа мүше мемлекеттерінің өзара жұмысы белгіленген. Декларацияда Қазақстанның бастамасымен  өнеркәсіптік кооперация және көлік-транизит әлеуетін арттыру, сондай-ақ одақ аясындағы бастамаларға халықаралық серіктестеді тарту мәселелері енгізілген.

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz