RU
Толық нұсқаға өту

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті

29.05.2026, 14:51 73

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті. 

Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етті. Мемлекет басшысы бүгінгі күннің символикалық мәніне назар аударды. Дәл осы күні, яғни 2014 жылы 29 мамырда Қазақстан елордасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған болатын. «Бұл уақиға еуразиялық интеграцияның маңызды кезеңі ретінде есте қалды. Одақ құрылған сәттен бері еуразиялық «бестіктің» басты ынтымақтастық алаңына айналды», - деді Президент. Сондай-ақ бүгінгі кездесуде сыртқы саудаға, жасанды интеллектіні дамыту бастамаларына қатысты маңызды мәселелер талқыланатынын жеткізді. Жиынның конструктивті сипатта өтіп, өзара тиімді шешімдер қабылданатынына сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Кеңес отырысына Беларусь, Қырғыз, Ресей Президенттері қатысты. Сондай-ақ Армения Вице-премьері мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев бой көрсетті.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысушы делегация басшыларының бірге суретке түскен сәті

Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларымен қатар, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса және Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабак қатысып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz