«Abai Surgery Plenum» ұлттық ғылыми-тәжірибелік пленумына елдің әр өңірінен келген 150-ге жуық дәрігер қатысты.
Олардың ішінде медицина саласының өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас зерттеушілер бар. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі мен Абай облысының әкімі қатысты.
Пленум барысында жалпы хирургия, абдоминалдық, тамыр, торакалдық және шұғыл хирургия салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар заманауи технологияларды енгізу, медициналық көмектің сапасын арттыру және өңіраралық кәсіби байланысты нығайту мәселелеріне басымдық берілді.
Алтай Дюсупов, Семей Медицина университетінің ректоры:
- Пленумның басты мақсаты Абай облысында Семей медицина университетінде хирургия саласын дамыту. Жаңа инновациялық технологиялардың трансфетін енгізу. Нәтижесінде осы хирургия саласының сапасын жақсарту. Осы сала бойынша науқастарға медициналық көмекті жақсарту.
Пленум кәсіби пікір алмасуға арналған ашық алаңға айналды. Медициналық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге қонақтар Абай облысындағы хирургия мектебінің ғылыми әлеуеті мен жетістіктерімен танысты.
Ерлан Тайғұлов, дәрігер-хирург:
- Жақсы хирург болу үшін ең алдымен жақсы адам болуы керек. Әрине, екінші оқыған жерінде алған білімің. Семей медицина университетінің баяғыдан келе жатқан традициялары бар. Өте жақсы дайындайды балаларды. Білім деңгейлері өте жоғары.
Мамандардың айтуынша, мұндай ауқымды басқосу отандық хирургия ғылымының дамуына серпін беріп, қазақстандық медицина мектебінің беделін арттыруға ықпал етеді. Бүгінде Абай облысында жоғары технологиялы және аз инвазивті емдеу тәсілдері кеңінен қолданылып, медициналық көмектің заманауи стандарттары жүйелі түрде енгізіліп келеді.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #медицина #хирург #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz