RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

29.05.2026, 20:40 18

Түркістандағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухқа тағзым, тарихқа тағылым» атты кітап және тарихи құжаттар көрмесі өтті.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының тағдыры, зұлмат жылдардың тарихи ақиқаты мен ел жадында сақталған қасіретті кезеңдер туралы архив қорында сақталған 630-дан астам мәлімет көпшілік назарына ұсынылды. Тарихи әдебиеттер мен Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер таныстырылды. Сонымен қатар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған деректі фильм көрсетілді. Тағылымды шараға кітапхана оқырмандары, студенттер және әскери бөлім сарбаздары қатысты. Келушілер тарихи деректермен танысып, зұлмат жылдар жайында мол мағлұмат алды.

Назерке Әбдіхалық, қала тұрғыны:

- Барлығымыз тарихта қуғын-сүргін құрбандарын жалпы шолу ретінде білеміз. Бірақ бүгін архивтен келген құжаттармен жақынырақ таныстық. Бейне экскурция көрсетті. Бізге өте ұнады. Көп ақпарат алдық. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың еңбектерімен жақын таныстық деп айтсам болады.

Райхан Биназарова, облыстық Мемлекеттік архивтің ғылыми қызметкері:

- Жүз жылдық тарихы бар Түркістан облысы мемлекеттің архивіндегі қорлар негізінде ұйымдастырылған көрмемізді алып келдік. Онда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың отбасына, жеке өміріне қатысты, 1956-57 жылдары көптеген азаматтар ақталды. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шетел архивтеріне барып, көптеген құжаттарды зерттеп, көшірмелерін алып келдік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz