RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде 15 мың адамға амнистия жасалады

30.05.2026, 13:00 31

Жаңа Конституцияның қабылдануына орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен 15 мың адамға амнистия жасалады.

Оның ішінде сотталған 1,5 мың азаматқа, қылмыстық және әкімшілік ам-нистия жүргізу көзделіп отыр. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары құқық бұзушылықтардың жекелеген санаттары бойынша амнистия туралы заң жобасын әзірледі. Жалпы бұл жеңілдік шарасы, қылмыстық теріс қылықтар мен, аса ауыр емес қылмыстар жасағандарға ғана қатысты. Сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары үшін қылмыстың ауырлығына және сотталғанның тәртібіне байланысты жаза мерзімін қысқарту да көзделген.

Ермек Шүлден, ҚР ІІМ Департаменті бастығының орынбасары:

- Өз кезегінде кең ауқымды әкімшілік амнистия 15 мемлекеттік органның құзыретіне жататын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 263 бабын қамтиды. Әкімшілік амнистия аясында азаматтарды, жеке кәсіпкерлерді, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдарды 2026 жылғы 17 наурыз сағат 24:00-ге дейін жасалған құқық бұзушылықтар үшін орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан босату көзделеді. Тек ІІМ желісі бойынша бұл шара 17 млрд теңгеден астам сомаға шамамен 1 млн әкімшілік айыппұлды қамтиды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz