Шілде айынан бастап шетел азаматтары Ресей шекарасынан өту үшін кемінде үш тәулік бұрын RuID қосымшасы арқылы электронды өтініш беріп, арнайы QR-код алуға тиіс.
Бұған дейін мұндай талаптар бірнеше шекара бекетінде ғана болған еді. Енді азаматтар қай бекеттен өтсе де, саусақ іздерін тапсырып, биометриялық тіркеуден өтуге міндеттеледі. Қазақстан мен Ресей арасында визасыз режим енгізілген.
Ғазиз Ағыбаев, Қазақстан Республикасының Мәскеудегі консулы:
- 72 сағат бұрын осы жүйе арқылы кіріп, өз мәліметтерін толтырады. Бұл тек оқуға және жұмысқа келетін азаматтарға керек. Ал егер де қиын жағдай болып қалса, бір туысы ауырып, не қайтыс болса 4 сағат бұрын толтыру керек.
Тегтер #Ресей #Қазақстан #талаптар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz