RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында 250 ескі үй сүріледі

30.05.2026, 17:44 31

Ақмола облысында 2030 жылға дейін 250 ескі үй сүріледі. Оның орнына заманауи тұрғын үй кешендері салынады. 

Осылайша, 18 мың отбасы жаңа қонысқа ие болады. Бұл – өңірде жүзеге асып жатқан реновация бағдарламасының нәтижесі.

Реновация және заманауи урбанизация. Осы тақырыптарды қамтыған алқалы жиынның Көкшетауда өтуі кездейсоқ емес. Себебі облыс реновация бағдарламасын жүзеге асыруда оң нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы, былтырдың өзінде сүрілген үйлердің орнына 10 тұрғын үй салынып, 700-ден аса адам жаңа қонысқа ие болды.

Алмат Ысқақов, Ақтөбе қалалық урбанистика және жер мониторингі орталығының басшысы:

- Реновация жөнінде айтылған мәселелер біз үшін өте қызықты. Алдағы уақытта осы реновация, заманауи реновация бағытында өз қаламызда тәжірибе алмасу жұмыстарын жайлап іске қосамыз деген ойдамыз.

Қуандық Қажкенов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Ақмола облысы реновация бағдарламасы бойынша республикада көш бастады. Тіпті осы бағдарламаның негізгі орталығына айналды десек болады. Енді біз осы тәжірибені басқа өңірлерге көрсетіп, енгізуді көздейміз. 

Соңғы жылдары Көкшетау сәулеті мен сәні келіскен қалаға айналды. Бұған мемлекеттік қолдау және құрылысшылардың тынымсыз еңбегі себеп.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Құрылысшыларымыздың жалақысы республика бойынша ең жоғары деңгейде өсіп келе жатыр. Бұрын 18 пайыз ғана құрылысшыларымыз осы сатып алу арқылы жұмысқа ие болатын болса, қазір 87 пайызы жергілікті құрылысшылар. Тұрақты жұмыс орындары көбейіп келе жатыр. Бюджетке кірісіміз де ұлғайып келе жатыр. Соның бәрі қуантатын жағдай. 

Биыл өңірде реновация бағдарламасы аясында 11 үй салынып жатыр. Оның алтауы облыс орталығында, қалғаны аудандарда бой көтереді. 

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz