RU
Толық нұсқаға өту

Қонаевта жаңа «Достық үйінің» капсуласы салынды

30.05.2026, 22:40 28

Нысан этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандырып, қоғамдық бастамаларды қолдауға арналған орталыққа айналмақ. Мұнда түрлі мәдени, қоғамдық және ағартушылық жобалар жүзеге асырылады. 

«Достық үйі» өңірдегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімнің жаңа алаңына айналмақ. Алматы облысында 105 этнос өкілі болса, олардың басын 34 этномәдени бірлестік біріктіреді. Жаңа орталық осы ұйымдардың жұмысын бір арнаға тоғыстырып, қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Вера Плетнёва, «Ассамблея жастары» республикалық бірлестігінің облыс бойынша жетекшісі:

- Жастар үшін, этно мәдени бірлестіктер үшін үлкен мәртебе болып отыр. Себебі осындай достық үйінде 300 орындық акт залы салынады деп жатыр. Сол бізге керек болатын. Сонымен қатар осы ғимарат та жалпы көп этностың арасында бір шаңырақ болады деп ойлаймын.

Роза Абилова, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі:

- 2025 жылы 34 ассамблея сессиясында президентіміз Алматы облысында Достық үйі салынсын деп тапсырма берді. Міне, бір жыл өтті, осы тапсырма орнындалып жатыр. 

Нысан құрылысына шамамен 4 миллиард теңге бөлінді. Қолданысқа беру мерзімі қыркүйек айы деп белгіленді. Бастаманы жергілікті кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен қолға алған. 

Марат Сұлтанғазиев, облыс әкімі:

- Алматы облысы – көп этнос бар облыстардың бірі. Сол себепті әрине, бұл нысанның бір жағынан символикалық маңызы да бар, екінші жағынан тапсырма аясында, үшінші жағынан, бұл осы этносаралық қатынастарды ары қарай ұлғайтатын жақсы нысан болады деп ойлаймын.

Жалпы өңірде 6 ірі әлеуметтік және қоғамдық нысан салу жоспарланған.

Авторлары: Гүлім Советқан, Аят Дүйсембай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz