RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да қаскөйлерге қарсы рейд күшейді

31.05.2026, 09:15 35

Шығыс Қазақстан облысында браконьерлерге қатысты 100-ден астам әкімшілік және 3 қылмыстық іс қозғалды. Бұл бір ай бойы жүргізілген арнайы рейдтердің нәтижесі.

Сәуірдің ортасынан мамырға дейін табиғат қорғау инспекторлары мен полицейлер Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының акваториясында патрульді күшейтті. Тексеру барысында судан мыңдаған шақырым ау-торлары алынды.

Шығыс Қазақстандағы Зайсан көлінің жағалауында уылдырық шашу кезеңінде де қаскөйлер қайықтарымен келген. Тыйым салынған уақытта да заң бұзушылар балық аулауға шыққан. Су айдындарына ондаған шақырым ау торлары тасталған. Олардың иелерін анықтау үшін полицейлер мен Ертіс бассейндік инспекциясы қызметкерлері қамыс арасында жасырынып, ауды көтерген сәтте ұстаған.

Фархат Байбазаров, «Зайсан-Ертіс» аймақаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының орынбасары:

- Осы браконьерлік жұмысқа қарсы рейдттік шараларды күшейту барысында бірлескен жоспар құрылды. Жоспарда Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдары бар. Сол рейдттік барысында 3 қылмыстық іс анықталды. 100-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.

Сәуір-мамыр аралығында өңірдегі өзен-көлдерден 4 мың шақырымнан астам ау торлары алынды. Браконьерлердің көлемі су экожүйесіне үлкен қауіп төндіріп отыр.

Гүлім Қасымбаева, ШҚО Полиция департаменті әкімшілік полициясының аға инспекторы:

 - Іс-шара басталғалы 100-ден астам рейд жүргізілді, нәтижесінде 85 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 3 қылмыстық іс тіркелді.

Қазақстанда табиғатқа қарсы қаскөйлік азаймай тұр. Ресми деректер бойынша 2022–2025 жылдары заңсыз айналымнан 84 мың тоннадан астам балық алынған. Заңсыз балық аулаушылар сазан, көксерке және нельма сияқты балық түрлеріне айтарлықтай зиян келтірген.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz