Бүгінде елімізде балалар қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы ерекше назарда.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатыр. Мектептер мен колледждерде «ДосболLIKE» және KiVa антибуллинг бағдарламалары енгізілді. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі бекітілді. Өңірлерде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. Уәкілетті органдар енді міндетті түрде мектептегі тамақтану сапасын, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің толықтығын және ерекше қажеттіліктері бар балалар құқықтарының сақталуын тексереді. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес балалар құқықтарын бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Буллинг фактілерін елемеген немесе профилактикалық жұмыстарды тиісінше ұйымдастырмаған жауапты тұлғалар заң алдында жауап береді. Мамандардың жүктемесін азайтып, жұмыс сапасын арттыру мақсатында алғаш рет қамқоршылық органдарына қатаң кадрлық талаптар қойылады. 5 мың балаға кемінде бір инспектор қарастырылған.
Тегтер #бала #Заң мен тәртіп #құқық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz