RU
Толық нұсқаға өту

Балалы отбасыларға қолдау күшейді

01.06.2026, 12:59 45

Елімізде ана мен баланы қолдауға бағытталған әлеуметтік көмектің көпдеңгейлі жүйесі жүзеге асырылып жатыр.  

Бұл бағытта бюджеттен биыл 974 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп. Қаражат бала тууына байланысты берілетін біржолғы төлемдерге, бала күтімі бойынша жәрдемақыларға, көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға жұмсалады. Мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға да ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағытта кәсіби асырап алушы отбасы институты енгізілді. Жүйе өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың жанұяда тәрбиеленуіне мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, былтыр балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бекітілетін тәлімгерлерді міндетті сертификаттау енгізілді. Тұрғын үй кепілдіктеріне де қатысты өзгерістер бар. Мәселен, Астанада және мегаполистерде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою кезінде үш жылдық тұрғылықты тіркеуде болу талабы жойылды. Ал тұратын жерін өзгерткен жағдайда олардың кезектегі бастапқы мерзімі сақталады. Сондай-ақ жеңілдетілген ипотека мен жалдау ақысын субсидиялау қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz