Қазақстанда боксит пен алюминийді терең өңдейтін толық циклды өнеркәсіп паркі құрылады.
Бұл туралы бүгін үкімет басшысының сингапурлық XINFA компаниясының басшылығымен кездесуінде айтылды. Басқосуда Павлодар облысында өнеркәсіп паркін салу бойынша дайындық жұмыстарының барысы талқыланды. Қазіргі уақытта жер учаскесі айқындалып, инвестициялық келісімшарт жасалған. Жоба сәтімен іске асса, Павлодарда $15 млрд болатын бастама нәтижесінде 10 мың адамды жұмыспен қамту көзделеді. Премьер-министр мемлекеттік органдарға ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға барынша жәрдем көрсетуді тапсырды. Жоба өңірдің және тұтастай алғанда елдің дамуына мультипликативтік әсер етеді. Толық циклды өнеркәсіп паркін құру жөніндегі тұжырымдамада бокситтерді терең өңдеу жолымен алюминиге айналдыратын жоғары интеграцияланған өндіріс құру қарастырылған. Алюминий тотығын өндіретін кәсіпорындардың қуатын жылына 4,8 млн тонна, электролиттік алюминийді 2,4 млн тонна деңгейінде ұстап тұру жоспарланған.
Тегтер #Павлодар #алюминий #өнеркәсіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz