RU
Толық нұсқаға өту

Жасөспірімдердің еңбек шарттары

01.06.2026, 16:00 31

Еңбек министрлігі кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуын бақылауды күшейтеді. Заң бойынша 14-16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағат жұмыс істей алады.

Яғни күніне 4,5 сағаттан аспауы керек. Ал 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің аптасына 36 сағат жұмыс істеуіне рұқсат. Сондай-ақ 14 жаста еңбек шартына жасөспірімнің өзі ғана емес, ата-анасы да қол қоюы міндетті. Кәмелетке толмағандар тек жеңіл жұмыспен қамтылады. Материалдық жауапкершілік жүктелетін қызметтерге қабылдауға болмайды. 

Жұмыс уақытының ұзақтығы

14–15 жас: күніне 4,5 сағаттан аспауы керек

16–17 жас: күніне 7 сағаттан аспауы керек

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сай, елімізде еңбек етуге рұқсаты бар  1 млн 700 мың бала тұрады. Олар 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Ал еңбек министрлігі,  5 мыңнан астам оқушы ресми түрде жұмыспен қамтылғанын мәлімдеді. Олардың басым бөлігі – сауда, ойын-сауық және демалыс қызметтері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану салаларында жұмыс істейді.

Еңбек етуге рұқсат берілген

14-18 жас аралығында

1 млн 700 мың бала бар 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz