Жасөспірімдердің еңбек құқықтары жиі бұзылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сауалнама жасап, осындай пайымға келді.
Сауалнамаға 100 мыңдай бала мен ата-ана қатысқан. Нәтижесінде, жасөспірімдердің 70%-ы ресми еңбек шартынсыз жұмыс істегенін айтқан. Олардың жартысына жуығы кешкі немесе түнгі уақытта еңбектенсе, әрбір оныншы жасөспірімге жалақыны кешіктірііп берген немесе мүлде төлемеген. Біз де осы тақырыпқа қатысты халық пікірін біліп, блиц жүргіздік.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #сауалнама #балалар #еңбек құқығы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz