Құтқарушылар балаларды жүзуге және алғашқы көмек көрсетуге үйретеді. Биыл шомылу маусымында балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.
Елде қауіпті учаскелерде 50 құтқару станциясы мен 169 мобильді құтқару бекеті жұмыс істейді. Бұл туралы Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті хабарлады. Ресми жағажайларда балаларға арналған қауіпсіз шомылу аймақтары жабдықталып, құтқарушылар балаларға жүзуді үйретеді. Қазақстандағы су айдындарында 5 мыңнан астам қауіпті учаске бар. Төтенше жағдайлар министрлігі, ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және ересектердің бақылауынсыз су айдындарына жібермеуге шақырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сай, суға бату 5-14 жас аралығындағы балалар өлімінің ең көп таралған себептерінің бірі.
Роллан Есмағанбетов, Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары:
- Құтқарушылар жыл басынан бері ел бойынша шамамен 8 мың баланы жүзудің бастапқы дағдыларына оқытты, сондай-ақ 91 мыңнан астам оқушыны қамтыған 2 мыңға жуық интерактивті сабақ өткізді. 47 мыңнан астам баланы қамтыған 2,5 мыңнан астам ашық сабақ ұйымдастырылды. Сонымен қатар, шамамен 18 мың оқушыны қамтыған құтқару дағдылары мен суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету бойынша 800-ден астам тәжірибелік сабақ өткізілді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #құтқарушылар #балалар #сабақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz