RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда Балаларды қорғау күніне арналған шара өтті

01.06.2026, 16:40 36

Талдықорғанда Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай «Балалық шақ - бақыт мекені» атты мерекелік іс-шаралар өтті. 

Қалалық жағажай маңында көрме ұйымдастырылып, оқушыларға ұшақтарды, кемелерді және роботтарды құрастыру тәсілдері көрсетілді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жол жүру ережесі түсіндірілді. Ал Төтенше жағдай қызметкерлері  және өрт қауіпсіздігі мен суға түсу кезіндегі сақтық шараларын айтып берді. 

Арнайы техникалар тізбегі қойылып, құтқарушы мамандығы таныстырылды. Бұдан бөлек өнерпаз өрендердің мерекелік концерті, кітап жәрмеңкесі, спорт жарыстары, балалардың таным-түсінігін арттыратын  әр-түрлі ойындар өткізіліп жатыр. Солардың бірқатары кешке дейін жалғасады.

Ерасыл Ақылбай, оқушы:

- Біз Оқушылар сарайының атынан оншақты робот әкелдік. Мысалы, First liga lig  роботы арқылы Орталық Азия этапынан 180 команданың ішінде 30-орын алдық. 

Бақытгүл Бақбергенқызы, қала тұрғыны:

- Балаларды бүгінгі мерекесімен құттықтаймыз. Барлық жердегі ойындар қызықты өтіп жатыр. Балалар асфальтқа сурет салды, фотозонаға суретке түсті. Бүгінгі мереке бүгінгі іс-шара керемет өтіп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz