RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада ботаникалық бақ ашылды

01.06.2026, 17:20 44

Қызылордада Балаларды қорғау күніне орай Ботаникалық білім беру орталығы ашылды. Жасыл желекке оранған жылыжай кешенінде өсімдіктің 92 түрі бар.

Мамандардың айтуынша, бұл жер тұрғындардың демалыс орны ғана емес, жас ғалымдардың тың жобаларды жүзеге асыратын ғылыми орталығына айналмақ. Ботаникалық бақтың жалпы аумағы 4 мың 300 шаршы метрден асады. Мұнда тропикалық және субтропикалық белдеуде өсетін сирек кездесетін ағаштар күтімге алынған. Кешен ішінде микроклиматты автоматты басқару және заманауи тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Бұл - өсімдіктерге қолайлы орта қалыптастыру үшін қажет. 

Алмат Айдарханов, Ботаникалық білім беру орталығының инженері:

- Бұл ғимаратты салудағы басты мақсат - Қызылорда облысы өздеріңіз білесіздер жазы ыстық, қысы салқын мекен болып саналады. Тұрғындарды осы өсімдіктер әлемімен таныстыру мақсатында жоспары сондай болған. Жапония, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Мадагаскар және де Қытай мемлекеттерінен ағаштар егіліп, осы халыққа көрсетіліп жатыр.

Бұл жер оқушылар мен зерттеушілер үшін нағыз ғылыми алаңға айналмақ. Ол үшін кешен ішінде заманауи дәріс залдары мен жайлы демалыс аймақтары қарастырылған.

Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әлемде теңдесі жоқ деп тұрғанымыз, бұл Сингапурда бар екен, содан кейін Қызылорда қаласында салынып жатыр деген ақпарат бар. Сыр бүлдіршіндерінің, Сыр балаларының жалпы ғылыми ізденістерін кеңейтуге үлкен бір мүмкіндік беріп тұрған.

Бүгінде бақта әлемнің әр түпкірінен жеткізілген флораның 92 түрі бар. Олардың қатарында пальма, құрма ағаштары, бамбук, жакаранда және криота сияқты экзотикалық өсімдіктер жайқалып тұр. Ботаникалық бақ жыл бойы жұмыс істейді.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz