RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда әлеуметтанушылар форумы өтті

01.06.2026, 21:00 36

Мамандар әлеуметтану саласындағы зерттеулерге жасанды интелектіні қолданып, қоғамдық пікірді өңдеу және деректерді жинау ісінде пайдаланады.

Дәстүрлі зерттеу әдістері тиімділігін жоғалта бастаған. Сондықтан цифрлық дәуірге бейімделіп жатыр. Жаңа әдістер респонденттермен байланысты жеңілдетеді. Яғни,  қағаз бен қаламның орнын цифрлық алгоритм басады. Бұл туралы Алматыда «Цифрландыру дәуіріндегі әлеуметтанулық зерттеулер» тақырыбында өткен форумда айтылды. Іс шараны Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Жиынға шетелдік әлеуметтанушы сарапшылар мен зерттеу орталықтарының мамандары қатысты.  

Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

- Қазіргі таңда технология қарқынды дамып жатыр. Сондықтан оларды белсенді түрде қолдану қажет. Сол себепті біз АҚШ, Еуропа және Қытайдан халықаралық сарапшыларды шақырдық. Олар форумда өздерінің зерттеулерін және жаңа әдістерін таныстырды. Бұрын сауалнамалар телефон арқылы жүргізілетін. Қазір алаяқтық жағдайы көбейгеннен кейін көп адамдар телефон қоңырауын көтермейді. Сондықтан бізге зерттеу жүргізу әдісін өзгерту қажет.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz