Семейдегі арбатта балаларға арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Оған ауыл-аймақтан 500-ден астам бала келді. Олар түрлі сайысқа қатысып, қызықты ойындар ойнады.
Алаңда «Жас жұлдыз» балалар шығармашылығының облыстық фестивалі де ұйымдастырылды.
Алаңға келген бүлдіршіндердің көңіл-күйі осындай. Мерекелік бағдарламада балалардың шығармашылық, зияткерлік, ғылыми-техникалық және спорттық қабілетін дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жадыра Ниязбекова, облыстық «Дарын» орталығының директоры:
- Бүгінгі мерекемен облысымыздың барлық балаларын құттықтаймыз. Бұл мереке тек Семей қаласында өтіп жатқан жоқ. Облысымыздың аудандарындағы, ауылдарындағы балаларға арналып жатыр. Сондықтан барша балаларды мерекемен құттықтаймын. Олар еліміздің болашағы. Зор денсаулық бақытты балалық шақ тілеймін.
Ал «Өлкетану бұрышында» туған жердің тарихы мен мәдени мұрасына арналған көрме қойылды. Кішкентай қонақтар қызықты деректермен танысты. Одан бөлек, қосымша білім беру ұйымдарының жетістіктері де жұрт назарына ұсынылды. Үйірмелер мен шығармашылық ұжымдардың еңбегі кеңінен насихатталды.
Жанаргүл Сәрсембаева, Жарма ауданының тұрғыны:
- Бізге керемет көңіл-күй сыйлап жатыр. Бағана келгеннен бастап мына жерде көрме ұйымдастырып жатыр. Балаларға тегін су таратып жатыр. Бала деген әр нәрсеге қуанады ғой. Қуанып, бүгін мерекелік көңіл күймен өте тамаша болып тұрмыз.
Айсана Ерланқызы, оқушы:
- Мереке күшті болды. Сахна әдемі екен. Бәрі билеп, өнерлерін көрсетіп жатыр. Әдемі билеп, оркестр бар.
Әскери-патриоттық бағыттағы «Сарбаздар» алаңында жас буынның Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға арналған танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт алаңдарында ұлттық және спорттық ойындар өткізіліп, балалар белсенді демалыстың қызығын көрді.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Семей #балалар күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz