RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында балық шаруашылығы дамып жатыр

02.06.2026, 08:00 49

Ақтөбе облысы биыл тауарлы балық өсіретін қосымша 20 тоған бекітті.

Лайықты инвестор табылса, нарықты жергілікті балық өнімдерімен қамтамасыз ететін өзен-көлдің саны 70-тен асады. 

Кейінгі жылдары өңірде балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Кәсіпкерлер тұқы, бекіре, хан балық және африка жайынын өсірудің әдіс-тәсілдерін игерген.

- Сейчас мы получаем икру от маточного стада нашего. Конкретно сейчас мы получаем от сибирского осётра. Икра вообще идёт либо на инкубацию, на оплодотворение, либо на пищевую.

Бұл бекірені уылдырықтан өсіріп нарыққа шығаруды кәсіп еткен балық шаруашылығы. Биыл 200 мың шабақ алуды жоспарлап отыр. Жартысын Қарғалы ауданындағы көлшіктерде бағып, қалғанын Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысындағы қожалықтарға өткізеді. 

Момынжан Қали, шаруа қожалығының бас маманы:

- Қазір бекіренің қорытпа тұқымдары уылдырық шашып жатыр. Бұған дейін сібір бекіресінің уылдырығын ғана алып келген едік. Биылдан бастап орыс беркіресі де қосылды. Сондықтан өндірісті кеңейтіп, қосымша 10 тонналық цех ашамыз. Балықтың аналықтары жыл бойы қадағалаймыз. 

Қарғалы өзенінің бойындағы тағы бір шаруа қожалығы хан балығын өсіреді. Төрт жыл бұрын ашылған кәсіпкерлік нысан «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 27 млн теңге несие рәсімдеген. Нәтижесінде былтыр 15 тонна тауар алды. 

Алтай Исмаилов, ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы:

- Шабақтарды үшінші мәрте өсіріп отырмыз. Тоғанда шамамен 4 мың балық қалды. Негізінен экотуризм бағытына көңіл бөлеміз. Қонақтар өздері аулайды. Хан балығын өсіру үшін тоған суы таудан аққан өзендей салқын әрі мөлдір болуы тиіс. 

Қазір кәсіпкерлер өңірдегі ірілі-ұсақты 50 суқоймада тауарлы балық өсіреді. Былтыр олар нарыққа 721 тонна тауар шығарды. 2024 жылмен салыстырғанда 100 тонна өсім бар. Мемлекеттік субсидия шаруа қожалықтарына айтарлықтай қолдау болған. Мәселен, былтыр жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа 60 млн теңге бөлінді. 

Нұрбек Құлыбекұлы, "Тобыл-Торғай" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Балық шаруашылығы субъектілеріне жем сатып алғаны үшін 30 пайыз көзделген. Балық отырғызу материалдарын сатып алғаны үшін 50 пайыз, биологиялық негіздеме және дәрі-дәрмек сатып алғаны үшін 50 пайыз субсидияланады. 

Өңірде балық шаруашылықтарын көбейтуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бірінші кезекте өзен-көлдерді конкурстық негізде кәсіпкерлерге үлестіру жұмыстары қолға алынған. Биыл қосымша 20 суқойма бекітілді. Жергілікті атқарушы билік өкілдері 2030 жылға дейін балық өнімдері көлемін 10 мың тоннаға жеткізуді көздейді. 

Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz