«Хабар» арнасындағы танымал «Келінжан» сериалында көрерменге жақсы таныс актер Рүстем Жаныамановтың тұңғыш ұлы Нұрмұхамет қайтыс болды, деп хабарлайды 24KZ.
Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова өзінің Instagram парақшасында жеткізді.
«Біздің Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала – бауыр етің. Мұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз», – деп жазды продюсер.
Қазіргі уақытта отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатқан жандар көп. Нұрмұхаметтің неден және қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Рүстем Жаныаманов #қаралы хабар #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz