Астанада көші-қон заңнамасын бұзудың 364 дерегі анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 298 шетел азаматы ұсталды. Сонымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және олардың болуына қатысты көші-қон заңнамасын бұзған Қазақстанның 44 азаматы, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 22 жұмыс беруші анықталды.
Бұдан бөлек, бұған дейін ел аумағынан шығарылғанымен, сот шешімін орындамаған 6 шетел азаматы анықталып, мәжбүрлі түрде елден шығарылды.
Аталған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Сот шешімімен 43 шетел азаматын ел аумағынан шығару туралы қаулы қабылданды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz