Қазақстанда жарты миллионға жуық адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жатыр.
Басын қатерге тігіп, нәпақа тауып жүргендердің дені өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру, көлік және қоймалау саласында. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер саны бойынша Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы орында тұр. Олардың қауіпсіздігі мен құқығы тиісті деңгейде қорғалған ба? Жұмысшыларға қауіпсіз орта қалыптастыру үшін жауаптылар қандай ілкімді істерді қолға алды? Бүгін үкіметтің кезекті отырысында осы мәселе қызу талқынды.
Басын қауіп-қатерге тігіп жүрген еңбек адамдарының саны бүгінде жарты млн-ға жуықтаған. «Көрсеткіш жыл сайын артып отыр», - деді министр. Ресми дерекке сүйенсек, олардың 61%өнеркәсіп саласына еңбек етеді. Электр энергиясы, газбен жабдықтау саласында 40 мың жұмыскер жұмыс нәпақа тауып жүр. Аймақтар бойынша зиянды жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облысында. Министрлік тап осы аумақтарда қауіпсіздік шараларын ширатқан. Жыл соңына дейін елдегі 130 мың ұйымды жазатайым оқиғалардан сақтандырумен қамту жоспарланған.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Саладағы ең өзекті мәселе қазір өндірістік жарақаттануды жасыру жайы боп тұр. Бұл жұмыс берушілердің жауапкершіліктен жалтаруына, жұмыскердің әлеуметтік қорғалмауына, өзіне тиесілі кепілді әлеуметтік төлемдерді ала алмауына әкеледі. Соңғы 6 айда елде өндірістікжарақатты жасыруыдың 39 дерегі тіркеліпті. Бұл туралы жаңа ғана баяндама жасаған сала министрі Асқарбек Ертаев мәләмдеді. Айтуынша, жарақаттану фактілерінің дені – қызмет көрсету саласында кездеседі. Ал Аймақтар арасында жасырылған жарақаттанудың ең көбі Атырау облысында – 10 жағдай тіркелді, Астана қаласында – 7 жағдай, Ақмола облысында – 6 жағдай орын алыпты.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Елімізде өндірістегі жұмысшылардың қаза болуы мен жарақаттануының төмендеуі байқалады. Қазір қауіпті өндірістік орындардағы адам өлімі 2,5 есеге, жарақат алу 25%-ға азайыпты. Бұдан бөлек, жыл басталғалы 22 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалған. Министрлік ендігі жерде еңбек инспекторының өкілеттігі күшейтуді көздеп отыр. Елде Еңбекті қорғау мәселесі бойынша бірыңғай оқу-әдістемелік орталық құрылмақ. Жаңа бастама қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Авторлары: Кәмшат Мұхамеджан, Мерей Талап
Тегтер #нысан #жұмыс #Заң мен тәртіп #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz