RU
Толық нұсқаға өту

Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қатаң бақыланады

02.06.2026, 17:17 42

Елде еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынады. Бизнесті тексеру жұмыстары кеңейтілмек. 

Үкімет басшысы бүгін салаға жауаптыларға осындай тапсырма жүктеді. Өндірістік процеске мониторинг жүргізу, бейнебақылау және бақылау жүйелері мүмкіндігінше жедел цифрландырылуы керек. Кезек күттірмес тағы бір шаруа еңбек тәуекелдері картасына құрылыс нысандарын, қоғамдық тамақтану орындарын да енгізу. «Олар ешқандай мониторингпен және жүйелі тексерулермен қамтылмаған», - деді Олжас Бектенов. Жұмыскерлер қауіпсіздігін бақылау және қорғаудың заманауи жүйелері барлық өндіріс орнында басшылыққа алынуы тиістігін атап өтті. 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Барлық шағын және орта бизнес қатысты тексеруді қатаң бақылауда ұстау қажет. Азаматтардың қауіпсіздігі басты орында тұруы тиіс. Тексерулердің нәтижесі көрсеткендей ірі кәсіпорында анықталған бұзушылықтарды жою шараларын тез арада қабылдайды. Бұл төтенше жағдай қауіпін азайтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz