RU
Толық нұсқаға өту

Инвесторлардың құқығы қорғалды

02.06.2026, 19:26 32

Инвесторларға жүргізілетін тексерулер 6%-ға қысқарды. Бұған Қазақстанда «прокурорлық сүзгі» тетігінің іске қосылуы себеп. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, биыл прокуратура органдарына инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 3 547 шешімі келіп түскен. Олардың қатарында тексерулер, әкімшілік өндірістер, шектеу және тыйым салу шаралары, сондай-ақ сот талап-арыздары бар.  Прокурорлық сүзгі басқармасының бастығы Мақсат Орақбаевтың айтуынша, материалдарды қарау нәтижесінде прокурорлар мемлекеттік органдардың 620 шешімімен келісуден бас тартқан. Инвесторлардың құқықтарын қорғау тиімділігі биыл 18%-ды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш, 9% болған.

Мақсат Орақбаев, ҚР Бас Прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма бастығы:

- Мысалы, бір жағдайда мемлекеттік орган формалды себептерге байланысты инвесторға 354 мың тонна дайын өнімді экспорттауға лицензия беруден бас тартпақ болған. Мұндай шешім келісімшарттың бұзылуына, сондай-ақ шетелдік серіктес пен тасымалдаушы тарапынан инвесторға айыппұл салынуына әкелуі мүмкін еді. Алайда прокуратура бұл шешімді келіспей, лицензия рәсімделді. Соның арқасында инвестор ірі шығыннан құтылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz