RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да балалар лагерьлері тексерілді

02.06.2026, 19:29 27

Батыс Қазақстан облысындағы балалар лагерьлерінде істі болған қызметкерлер жұмыс істеген. 

Бұл жағдай лагерь қызметкерлерін арнайы тексеруден өткізу кезінде белгілі болды. Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде сегіз адамның бұрын қылмыстық, ал бес қызметкердің әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталған. Қазір анықталған деректер тиісті мекемелерге жолданды.

Әлішер Өтегенов, БҚО Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:

- Жаз мезгілінің басталуымен қазіргі уақытта полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті алдын-алу мақсатында жазғы лагерьлерді тексеру жұмыстары ұйымдастырылды. Білім басқармасымен ұсынылған тізімге сәйкес қызметкерлер тексерілді. Қазір 8 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды және 5 қызметкері әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылғаны анықталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz