Қостанай облысында көктемгі егіс науқаны екі-үш күнде аяқталады. Өңірде 5 миллион гектар алқаптың 95 пайызына дәнді дақылдар себілген.
Егін шаруашылығын қараша айынан бастап ертерек қаржыландыру көктемгі дала жұмыстарын өз деңгейінде өткізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде диқандар керек-жарағын алдын ала қамдап, науқанға сақадай-сай келді. Дайындалған 514 мың тонна астық тұқымының басым бөлігі жоғары сапалы. Қазір шаруалардың көбі элиталық тұқым себуге ден қойған. Ал синоптиктер биыл ауа-райы да егінге өте қолайлы болады деп болжайды.
Кенжеғозы Жұмандықов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
- Былтыр тұқым жаңарту көрсеткіші 11 пайызды құраса, биыл оны 12,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Биылғы егіс науқанына 64,5 мың тонна элиталық тұқым дайындалды. Қазіргі уақытта жердегі ылғал қоры жеткілікті. Енді жағдай маусым және шілде айларындағы ауа райына байланысты болады. Егер ауа райы қолайлы болып, жаңбыр жеткілікті мөлшерде жауса, егіннің жақсы шығатынына үміттіміз.
Тегтер #Қостанай облысы #егіс науқаны #гектар #дақылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz