Алматы циркінің әртістері кәмелетке толмаған жасөспірімдерге арналған колонияға барып, өнер көрсетті.
Цирк өнерінің сиқырлы әлемі мұндағы үлкен-кішіге бірдей ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл мекеме өткен жылдың соңында ашылған. Қазір мұнда 14 пен 18 жас аралығындағы 90-ға жуық жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Олардың көпшілігі ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған. Мамандардың айтуынша, мекемедегі басты мақсат – жазалау емес. Керісінше, сотталғандарды оңалтуға басымдық беріледі. Орта білім алуды жалғастырады. Сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтарды игереді. Мұндай шаралар жасөспірімдер бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға тез бейімделуіне септігін тигізеді. Бұл жұмыстар арнайы оңалту бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.
Шынар Құсайынова, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бас маманы:
- Балаларды әлеуметтендіру және тәрбиелеу мақсатында біз кешенді шаралар жүргіземіз. Бұл жұмыстар олардың бас бостандығынан айыру орнынан шыққаннан кейін қоғамға тезірек бейімделуіне және көзқарасын өзгертуіне бағытталған. Олардың өмірге деген көзқарасын оң бағытқа өзгерту үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асырамыз.
Тегтер #жасөспірімдер #Алматы #цирк
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz