RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде қоқыс жәшігінен табылған нәрестеге Батыр есімі берілді

03.06.2026, 09:58 60

Ақтөбеде қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы бақылауда. Қазір сәби облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оған Батыр есімін берген, деп хабарлайды «24KZ».

Мамандардың айтуынша, нәресте ауруханаға түскен кезде салмағы 2 келі 900 грамм болған. Қазіргі таңда оның салмағы 3 келіден асып, денсаулығында оң өзгерістер байқала бастаған. Дегенмен дәрігерлер сәбидің жағдайын әлі де орташа ауырлық дәрежесінде деп бағалап отыр.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақованың мәліметінше,

«Балаға қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Денсаулық жағдайына қатысты рәсімдер толық аяқталған соң, нәресте арнайы мекеме – «Үміт» сәбилер үйіне орналастырылады».

Ал баланың анасы әзірге табылған жоқ. Құқық қорғау органдары оның жеке басын анықтау және оқиғаның мән-жайын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, осыдан 10 күн бұрын Ақтөбеде қоқыс жәшігінің ішінен жаңа туған нәресте табылған болатын. Сәбидің жылаған дауысын естіген тұрғындар дереу полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырған. Нәресте дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің көмегі арқасында аман қалды.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz