RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 1,5 мың сотталушыға рақымшылық жасалуы мүмкін

03.06.2026, 10:09 41

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «24KZ».

Заң жобалары Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау мақсатымен Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Құжат қылмыстық саясатты ізгілендіруге, сондай-ақ халықтың борыштық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Рақымшылық жасау Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңімен байланысты, Ата заңда әділеттілік, гуманизм, заң үстемдігі және адамның қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттары бекітілді. Дегенмен, рақымшылық жасау жауаптылық қағидатын жоққа шығармайды, ол заңнамада белгіленген нақты жағдайларда қолданылатын ізгілік актісі ретінде қарастырылады. 

Алғаш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылық та жүргізіліп отыр.

Алдын ала жүргізілген есепке сәйкес, қылмыстық рақымшылық шаралары шамамен 16,5 мың адамға қатысты қолданылуы мүмкін, соның ішінде колониялар мен өзге де бас бостандығынан айыру орындарынан 1,5 мыңға жуық сотталушы босатылмақ. Ал әкімшілік рақымшылық Ішкі істер министрлігі бағыты бойынша шамамен 1 миллион айыппұлды қамтиды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz