Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сот органдары сот билігін өркендету перспективасын талқылады. Өзбекстанда ұйымға мүше мемлекеттер сот кеңестерінің төртінші кездесуі өтті.
Жиында сөз сөйлеген Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ауқымды конституциялық реформа жүзеге асырылғанын айтты. Реформа саяси жүйені жаңғырту мен демократиялық институттарды нығайтудың маңызды кезеңіне айналғанын жеткізді. Және жүргізіліп жатқан реформалардың басты бағыты – адамға бағдарлану қағидаты, ал басымдықтары – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, тәуелсіз әрі әділ сот билігін нығайту, сондай-ақ судьялар корпусын қалыптастыру тетіктерінің ашықтығын арттыру екенін атап өтті. Жиын қорытындысында мүше мемлекеттердің сот кеңестері арасында судья әдебі мәселелері жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат судьяларды даярлау, іріктеу, оқыту және оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту кезеңдеріндегі өзара іс-қимылды дамытуға, сот жүйесіне деген сенімді нығайтуға және үздік халықаралық тәжірибелермен алмасуға бағытталған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жоғары сот #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz