Минск қаласында 32 жастағы Қазақстан азаматы әлеуметтік желілерде жол ережесін бұзғаны туралы материалдар тарағаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы «24KZ» хабарлады
Оқиға Mercedes-Benz G-Class (Гелендваген) көлігімен байланысты болған. Қазақстан нөмірі бар көлік алдымен қала орталығындағы Тәуелсіздік даңғылы бойында тұрғын үйдің жаяу жүргіншілер жолына қойылған күйде байқалған. Бұл суреттер әлеуметтік желілерде тез тарап, қоғамда наразылық туғызды.
Алайда оқиға мұнымен шектелмеді. Кейіннен аталған жол талғамайтын көлік «Замок» сауда орталығының автотұрағында, тек мүгедектігі бар адамдарға арналған орынға қойылғаны анықталды.
Желіде тараған мәліметтерден кейін Минск қаласының жол полициясы жүргізушінің жеке басын анықтады. Тексеру барысында әйелдің тағы бір ереже бұзғаны белгілі болды: ол екі жасар баласын арнайы балаларға арналған қауіпсіздік құрылғысын қолданбай, алдыңғы орындықта тасымалдаған.
Жол полициясы барлық анықталған дерекке құқықтық баға беріліп, жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылданғанын мәлімдеді.
Тегтер #Қазақстан #Гелендваген #Минск #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz